Іздеу
Жабу

Жамбыл облысындағы қайғылы оқиғаға байланысты Мемлекет басшысының атына келіп түскен көңіл айту жеделхаттары

29 тамыз, 2021
Бөлісу:

Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Жамбыл облысындағы әскери қоймада болған жарылыс салдарынан көп адамның қаза болуына әкеп соқтырған қайғылы оқиғаға байланысты шет мемлекеттердің, үкіметтер мен халықаралық ұйымдардың басшыларынан көңіл айту жеделхаттары келіп жатыр.

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннен, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтан, Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмоннан, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтен, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкодан, Армения Президенті Армен Саркисяннан, Кувейт Әмірі шейх Наууаф әл-Ахмед әл-Джабер ас-Сабахтан жеделхат келді. Сондай-ақ Ресей Федерациясының Премьер-Министрі Михаил Мишустин, Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әміреев, Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Владимир Норов жеделхат жолдады.

Жеделхаттарда қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, қолдау білдірген. Сонымен қатар жарақат алған азаматтардың тезірек сауығып кетуін тілеген.

Көңіл айту жеделхаттары әлі де келіп жатыр.

Бөлісу: