https://youtu.be/wDzrTQEMGI4
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес 5 маусымда Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша республикалық референдум өтеді. Еліміздің Ата заңы 1995 жылы 30 тамызда жалпыхалықтық референдумда қабылданды. Содан бері Негізгі заңға 4 рет түзетулер топтамасы енгізілді. Бірақ оның барлығы Парламентте мақұлданды. Ал осы жолы Конституциялық реформа тұңғыш рет тікелей халықтың дауыс беруі арқылы жүзеге асады. Бұл жолғы Конституциялық реформа тағдыршешті маңызға ие. Ол суперпрезиденттік модельден классикалық үлгідегі президенттік республикаға түбегейлі көшу, Парламенттің рөлін күшейту, халықтың елді басқаруға қатысуын кеңейту, азаматтардың құқықтарын қорғау тәсілдерін жетілдіру және тағы басқа да іргелі өзгерістерге жол ашады. Бұл фильмде Ата заңға енетін негізгі өзгерістер және оның ел дамуына ықпалы туралы лауазымды тұлғалардың ой-сараптары беріледі, сондай-ақ аймақтардағы тұрғындардың пікірлері қамтылады. Республикалық референдумның ел тағдырындағы мән-маңызы туралы толығырақ «Референдум» деректі фильмінен көре аласыздар!