Іздеу
Жабу

ТРК мұрағат мамандарына Алғыс хат табысталды

23 желтоқсан, 2021
Бөлісу:

ҚР Президентінің Телерадиокешені бейнемұрағат қызметінің мамандары Ләйлә Жаналиева мен Айжан Сапуанова Тәуелсіздіктің 30 жылдығы және Қазақстанда алғаш рет атап өтілетін “Мұрағат қызметкерлері күні” кәсіби мерекесі қарсаңында Алғыс хаттармен марапатталды.

ҚР Президенті Архивінің Нұр-Сұлтан қаласындағы басқарма басшысы А.Несіпбаев ТРК қызметкерлеріне архив ісінің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс хаттарды табыс етті.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президентінің Телерадиокешені Тәуелсіз Қазақстанның даму тарихындағы тағдыршешті оқиғаларды бейнелейтін бірегей бейнемұрағат кадрларына ие.

Әріптестерімізді төл мерекелерімен құттықтаймыз!

Бөлісу: