МЕДИА-ХОЛДИНГ
Телерадиокомплекс Президента Республики Казахстан

НАШИ ПРОЕКТЫ

БАУЫРЛАС ЕЛДЕГІ БАЙРАҚТЫ САПАР

https://youtu.be/GHTWbiMhB3U

2022 жылдың 26 мамыры күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанға ресми сапармен барды. Екі ел басшыларының қатысуымен өткен екі күндік басқосуда ресми делегация мүшелері 13 құжатқа қол қойды. Қазақстан – Қырғыз елінің негізгі сауда және инвестиция саласындағы серіктесінің бірі. Былтыр өзара тауар айналымы 1 миллиард долларға жетті. Екі елдің президенттері сауда көлемін жақын арада 2 миллиард долларға жеткізуге келісті. ҚР Президентінің Телерадиокешені дайындаған деректі фильмде қазақ-қырғыз қатынастарының достық, тату көршілік және шынайы одақтастық рухында жан-жақты нығайтудың стратегиялық бағыттары түгелдей қамтылған.