https://youtu.be/KUIwMWUdbXI
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған биылғы Жолдауында Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің орнына құрамы жағынан ауқымды Ұлттық құрылтай құруды ұсынды. «Құрылтай қоғамдық диалогтың біртұтас институционалдық моделін қалыптастыруға тиіс» — деді Президент. Маусым айының 16 күні жаңадан құрылған Ұлытау облысына барып, Құрылтайдың алғашқы жұмысын ашып, бағыт-бағдарын түзген Президент Құрылтай мүшелерінің алдында тұрған негізгі міндеттерді көрсетті.
ҚР Президентінің телерадиокешені әзірлеген деректі фильмде Құрылтайда көтерілген мәселелер мен ұсыныстар, қоғамдық пікірлер қамтылған.