Іздеу
Жабу

Президент Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімованы қабылдады

24 наурыз, 2022
Бөлісу:

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2021 жылы атқарған жұмысының қорытындылары, соның ішінде азаматтардың құқықтарын қайта қалпына келтіруге көмектесу үшін қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімет берілді.

Эльвира Әзімова Мемлекет басшысына сотқа дейінгі тергеу сатысында оның ішінде қаңтар оқиғасы аясында адам құқықтарын қорғау мәселелері жөнінде баяндады. Сонымен қатар Президентке құқық қорғау органдарының қызметі туралы заңнаманы жетілдіру, төтенше жағдай режимі кезінде адам құқықтарын қорғау және алқабилер сотының мандатын кеңейту жөнінде ұсыныс берілді.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілге Конституциялық сотқа жүгіну құқығын беру туралы Президент бастамасы аясында омбудсмен Мемлекет басшысына Еуропа Кеңесі Венеция комиссиясының ұсыныстары жөнінде жеткізді. Аталған бастама Қасым-Жомарт Тоқаевтың жуырдағы Жолдауында айтылды.

Эльвира Әзімова Президентке адам құқықтары саласындағы екінші шаралар топтамасы бойынша әзірленіп жатқан ұсыныстарды таныстырды.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың құқықтарын тиімді қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар тапсырма берді. Мемлекет басшысы уәкілдің Бас прокуратурамен тығыз байланыста болып, халыққа тергеу нәтижелері туралы кеңінен ақпарат беру қажет екенін атап өтті.

azimova.jpg (2343×1015)

Бөлісу: