Іздеу
Жабу

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады

25 наурыз, 2022
Бөлісу:

Мемлекет басшысына Ұлттық банктің 2022 жылғы 1-тоқсанда  жүзеге асырған ақша-кредит саясатының алдын ала қорытындылары жөнінде, сондай-ақ қаржы және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қабылданып жатқан шаралар туралы есеп берілді.

Президентке сыртқы және ішкі нарықтардағы ахуал жайында баяндалды. Ғалымжан Пірматов валюта нарығында қалыптасқан үрдістер, Ұлттық банктің алтын-валюта резервтері мен Ұлттық қордағы активтердің жай-күйі туралы айтты.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа инфляцияның қарқыны, банк жүйесіндегі депозиттер құрылымының өзгеруі, зейнетақы активтерінің жағдайы мен төлем жүйесінің дамуы жөнінде мәлімет берілді.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

kz3-6602.jpg (4208×1866)

Бөлісу: