Іздеу
Жабу

Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Президентінің Телерадиокешенінің атаулы аллеясы ашылды

17 мам, 2021
Бөлісу:

Бүгін, 17 мамыр күні еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар аясында ҚР Президентінің Телерадиокешені қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласындағы Шабал Бейсекова атындағы көше бойындағы жаңа аллеяға ағаш көшеттерін отырғызды.

 70-тен астам ағаш егілді, үйеңкі, қарағаш, қарағай, балқарағай, терек көшеттері қаламыздың экологиялық аймақтарын кеңейтуге арналған аллеялар санын көбейтеді.

 Елімізді кең ауқымды көгалдандыру қажет екені жайлы Президент Қ.Тоқаевтың Жолдауында айтылған, «5 жыл ішінде орман алқабында 2 миллиардтан астам және елді мекендерде 15 миллион ағаш отырғызылады»,– деді Мемлекет басшысы.

 ҚР Президентінің Телерадиокешені қызметкерлері жаңа аллеяға көшет отырғызу бастамасын табиғи ресурстарды көбейту, қоршаған ортаға ұқыпты қарау ісіне жеке үлес қосуға деген ұмтылыспен байланыстырады.

Негізінде ағаш өсіруге көп жыл уақыт керек, сондықтан әрқайсымыз жасыл желектерді сақтау үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз қажет. Талдарды күтіп-баптаудың әрі қорғаудың ережелері күшейтілгені де кездейсоқ емес. Егер бұрын ағаштарды кесу кезінде оның өтемі «бір ағашқа бес ағаштан» келетін болса, қазір «бір ағашқа он ағаш» деп бекітілген.  

 Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында ҚР Президентінің  Телерадиокешенінің құрылғанына 25 жыл толғалы отыр. Телерадиокешенінің басшысы Раушан Қажыбаеваның айтуынша, Қазақстанның ақпараттық алаңында ТРК қоғамдық-саяси документалистикасының өзіндік орны бар.

Ширек ғасыр ішінде Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуы мен даму тарихы туралы баяндайтын 800-ден астам деректі фильм түсірілді. Бүгінде мерейтой аясында «Қуатты өңірлер – Қуатты Қазақстан» арнайы жобасы және «Мен және менің елім» тақырыптық роликтер топтамасы жүзеге асырылуда.

 Сондай-ақ, Раушан Қажыбаева ҚР Президентінің  Телерадиокешені қызметкерлерінің жаңа аллеяға ағаш отырғызуы Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге дайындық шараларына үлес қосатынын атап өтті.

Бөлісу: