Іздеу
Жабу

Мемлекет басшысы телефон арқылы келіссөздер жүргізді

27 ақпан, 2022
Бөлісу:

Француз тарапының бастамасымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президенті Эммануэль Макронмен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгімелесу барысында екіжақты экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ Еуразия кеңістігіндегі ахуал талқыланды.

Мемлекеттер басшылары тұрақты байланыс жасап тұруға келісті.

Кеше Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа одағының Президенті Шарль Мишельмен телефон арқылы сөйлескен болатын.

 

Бөлісу: