Іздеу
Жабу

Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевты қабылдады

14 қазан, 2020
рет қаралған
Бөлісу:

Қазақстан Президентіне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің биылғы 9 ай ішінде атқарған жұмыстарының негізгі көрсеткіштері жөнінде есеп берілді.

Мемлекет басшысына жемқорлыққа қарсы заңнамаға түзету енгізілгені және Дүниежүзілік банктің жемқорлықты бақылау индексіндегі еліміздің көрсеткіші айтарлықтай жақсарғаны туралы баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның жемқорлыққа қарсы саясатын халықаралық стандарттарға сәйкес кешенді әрі дәйекті түрде жаңғыртуды жалғастырудың маңызды екенін атап өтіп, жемқорларды шартты түрде мерзімінен бұрын босатудан бас тарту туралы тапсырмалардың сапалы жүзеге асырылу және мемлекеттік қызметшілер, депутаттар мен судьялар үшін шетелдік шоттарының болуына тыйым салу қажеттігіне назар аударды.

Кездесу соңында Президент алдын алу жұмыстарын тиімді жүргізудің және бюджет қаржысының мақсатты жұмсалуына жүйелі бақылау жасаудың маңызды екенін айтты. Бұл пандемия кезінде өте өзекті болып табылады.

Ақпарат көзі: http://www.akorda.kz

Бөлісу: