Іздеу
Жабу

Мемлекет басшысы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады

31 қаңтар, 2022
Бөлісу:

Қасым-Жомарт Тоқаевқа елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы жөнінде мәлімет берілді.

Президентке әлеуметтік нысандардың құрылысы, газбен қамту ісі, үлескерлік құрылыс нысандарының аяқталуы және инвестиция тарту мәселелері туралы баяндалды.

Мемлекет басшысы әлеуметтік нысандар құрылысының көлемін ұлғайту, тозығы жеткен ескі тұрғын үйлерді сүру және жаңа тұрғын үй алаптарын дамыту қажет екеніне назар аударды. Жұмыс орындарын ашу және жастарды қолдау мәселесі басым міндеттердің бірі ретінде атап өтілді.

Биыл 10 мың әлеуметтік пәтер салынады. Соңғы үш жылда бұл көрсеткіш 3 еседен астам артқан. Биыл тағы да 40 көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталады және кемінде 16 мектеп салынады.

Сонымен қатар кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа қаладағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруға және вакциналауға бағытталған шаралар туралы баяндалды.

Президент елорданы одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Бөлісу: