Іздеу
Жабу

Мемлекет басшысы «ЛУКОЙЛ» мұнай компаниясының президенті Вагит Алекперовті қабылдады

2 ақпан, 2022
Бөлісу:

Қасым-Жомарт Тоқаевқа мұнай компаниясының Қазақстандағы атқарып жатқан жұмыстарының қорытындылары және көмірсутегі секторындағы бірқатар бірлескен жобаларға қатысты жоспардың жүзеге асырылу барысы туралы есеп берілді.

Вагит Алекперов Қазақстан Президентіне «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мен «Лукойл» жария акционерлік қоғамы арасындағы Каспий теңізінің қазақстандық бөлігін игеру жөніндегі жобалар бойынша ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын айтты. «Жеңіс» және «Әл-Фараби» жобалары аясындағы жер қойнауын пайдалануға қатысты келісімшарттар жасалып, жұмыстар басталды.  Сондай-ақ «Лукойл» мұнай компаниясы – «Қаламқас-теңіз» бен «Хазар» теңіз кен орындарын игеру жөніндегі стратегиялық серіктес.

Мемлекет басшысы қосалқы мердігерлік жұмыстарды жүзеге асыруға қазақстандық компаниялар мен жергілікті еңбек ресурстарын барынша тарту маңызды екенін атап өтті.

Бөлісу: