Іздеу
Жабу

Мемлекет басшысы Кемерово облысындағы шахтада болған апатқа байланысты Ресей Президентіне көңіл айтты

25 қараша, 2021
Бөлісу:

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Кемерово облысындағы «Листвяжная» шахтасында болған апат  салдарынан кеншілердің қаза табуына байланысты Ресей Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады.

«Орны толмас қайғыға ортақтаса отырып,  қаза болған кеншілердің жақындары мен туыстарына Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін», – делінген жеделхатта.

Бөлісу: