Іздеу
Жабу

Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың есебін тыңдады

16 наурыз, 2020
рет қаралған
Бөлісу:

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Төтенше жағдай режимін қолдауға бағытталған шаралар жайында баяндалды.

Ішкі істер органдарының жеке құрамы ел азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қоғамдық тәртіпті сақтау үшін жұмылдырылған.

Президент азаматтарымыздың құқығына құрметпен қарай отырып, қоғамдық орындарда тәртіптің сақталуы маңызды екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы министрге ішкі істер органдарындағы ақпараттық жүйені цифрландыру және жетілдіру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.

Ақпарат көзі: http://www.akorda.kz

Бөлісу: