Іздеу
Жабу

Мемлекет басшысы «Bolashaq saraiy» ғимаратына барды

27 шілде, 2021
Бөлісу:

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысының орталығы Көкшетау қаласына жұмыс сапары барысында балалар мен жасөспірімдерге арналған 1172 орындық сарайды аралап көрді.

Мемлекет басшысына көрме залы, 3D жобалау лабораториясы, киберқауіпсіздік, Lego Mindstorms, өнеркәсіптік интернет заттары, электроника және жаңартылған энергия көздері кабинеттері таныстырылды.

Балалар Көкшетаудағы бұл сарайда ғылыми-зияткерлік, шығармашылық және спорт бағыттары бойынша жұмыс істейтін 76 үйірмеден қосымша білім алады. Сонымен қатар жастармен және жасөспірімдермен жұмыс жүргізіледі.

Президент сарайдағы шәкірттермен онлайн режимінде сөйлесіп, олардың оқуына табыс тіледі.

Бөлісу: