Іздеу
Жабу

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

24 шілде, 2021
Бөлісу:

Мемлекет басшылары Ауғанстандағы жағдайды және оның Орталық Азия аймағының  тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне тигізетін әсерін талқылады.

Аймақтың әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан табысты дамуын қамтамасыз ету мақсатында екі мемлекеттің және өңірдегі өзге де елдердің үйлесімді іс-қимылдарының маңызды екені атап өтілді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы қыркүйек айында Владивостокта өтетін Шығыс экономикалық форумының жұмысына қатысуға шақырғаны үшін Владимир Путинге ризашылығын білдірді.

Бөлісу: