Іздеу
Жабу

Басшылық туралы мәлімет

ҚАЖЫБАЕВА РАУШАН ЖАНАБЕРГЕНҚЫЗЫ

БАС ДИРЕКТОР

1999 жылы журналист мамандығы бойынша  Еуразия ұлттық университетін бітірген.

Әр жылдары КТК телеарнасының саяси шолушысы, «Қазақстан» телеарнасының орыс редакциясының бас редакторы, Сенат төрағасының кеңесшісі, ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметінің жетекшісі, ҚР Премьер-Министрінің баспасөз хатшысы, ҚР Қорғаныс министрлігінің БАҚ-пен жұмыс жөніндегі департментінің жетекшісі, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қоғаммен байланыс жөніндегі департаментінің директоры, ҚР Премьер-Министрінің бірінші оранбасарының кеңесшісі, ҚР Премьер-Министрінің кеңесішісі болып жұмыс істеді.

Швейцарияның халықаралық бизнес мектебі – Master of Advanced Studies in Human Resource Management (2021)

2019 жылғы тамыздан бастап «Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені» КЕАҚ-ның Бас директоры лауазымында қызмет атқаруда.

ҚАСҚЫРБАЕВ МАРАТ БАЛҒАБАЙҰЛЫ

БАС ДИРЕКТОРДЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

2005 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін экономист мамандығы бойынша бітірді.
Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлегі.
Бұқаралық ақпарат құралдарындағы еңбек жолын 2008 жылы «Астана қ. Теледидары» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары болып бастаған, әр жылдары Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің АҚІК жанындағы Азаматтық бастамаларды қолдау басқармасының басшысы, түрлі ұйымдардың Бас директоры, сондай-ақ «ҚазАқпарат» ХАА» АҚ қаржы директоры болып жұмыс істеді.
2022 жылдың ақпан айынан бастап «Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені» КЕАҚ Бас директорының орынбасары қызметін атқарады.

МАКАЖАНОВ ҚАЙРАТ САҒАТБЕКҰЛЫ

ТЕХНИКАЛЫҚ ДИРЕКТОР

Телевизия саласында 1995 жылдан бастап қызмет атқарып келеді. Ақмола облыстық телерадиокорпорацияның суретшісі, телеоператоры, «Қазақстанның телевидениесі және радиосы» Республикалық корпорациясының қоюшы суретшісі, ҚР Парламентінің инженерлік орталығының 1-санаттағы операторы, ҚР Президенті Телерадиокешенінің телеоператоры қызметтерінде еңбек еткен.

2006 жылғы қарашадан бастап 2012 жылғы қазанға дейін ҚР Президентінің Баспасөз қызметі құрамында Қазақстан Республикасы Президентінің жеке операторы болып жұмыс істеген.

2012 жылғы қарашадан бастап – «Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені» КЕАҚ-ның техникалық директоры.