Бас директордың орынбасары
Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «Тележурналистика» мамандығы бойынша бітірген. Іскерлік басқару магистрі.
Әр жылдары «Астана», «Хабар 24», «Atameken Business Channel» телеарналарында бағдарламалар жүргізушісі, редакторы болды. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ баспасөз қызметінің жетекшісі қызметтерін атқарған. «Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені» КЕАҚ Киноөндіріс бөлімін басқарды.
«Қазақстан Конституциясына 25 жыл» және «ҚР Ақпарат саласының үздігі» мерекелік медальдарымен марапатталған.
2022 жылдың сәуір айынан бастап «Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені» КЕАҚ Бас директорының орынбасары қызметін атқарады.