МЕДИА-ХОЛДИНГ
Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені

Қасқырбаев Марат Балғабайұлы

Бас директордың орынбасары

2005 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін экономист мамандығы бойынша бітірді.
Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлегі.
Бұқаралық ақпарат құралдарындағы еңбек жолын 2008 жылы «Астана қ. Теледидары» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары болып бастаған, әр жылдары Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің АҚІК жанындағы Азаматтық бастамаларды қолдау басқармасының басшысы, түрлі ұйымдардың Бас директоры, сондай-ақ «ҚазАқпарат» ХАА» АҚ қаржы директоры болып жұмыс істеді.
2022 жылдың ақпан айынан бастап «Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені» КЕАҚ Бас директорының орынбасары қызметін атқарады.