Біз туралы
Телерадиокешен:
- — Мемлекет басшысының 1996 жылғы қаулысымен құрылған;
- — арнаулы бейнеөнім шығарады (тақырыптық, деректі фильмдер, таныстырылымдық роликтер);
- — ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың және Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың жеке мұрағатының бейне-, аудио-, киноқорын қалыптастырады;
- — Қазақстан мемлекеттілігінің даму кезеңдерін көрсететін деректі бейнемұрағатты қалыптастырады;
- — Қазақстанның ұлы мәдениет қайраткерлері туралы телебағдарламалар топтамасын шығарады;
- — бейне-, аудио-, кино- және фотоқұжаттарды қалпына келтіруді жүзеге асырады;
- — BBC, CNN, EURONEWS, CCTV, «This is America» халықаралық БАҚ-пен серіктестікті дамытады.
Телерадиокешен мынадай фестивальдар мен конкурстардың лауреаты болып атанды:
— Монте-Карло (Монако) халықаралық телевизиялық фестивалі;
— «ПОБЕДИЛИ ВМЕСТЕ» (Севастополь қ.) атты деректі фильмдер мен телебағдарламалардың ХІІ халықаралық фестивалі;
— «ЕУРАЗИЯ» халықаралық кинофестивалі;
— Сычуан халықаралық кинофестивалі (ҚХР).
Бейнеөнімнің өндірісі барысында біз бірегей мұрағаттық бейнематериалдарды пайдаланамыз. Телерадиокешен шығарған деректі фильмдер ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың және Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың, сондай-ақ ТРК-нің Алтын қорында сақталуда.
ОСЫ УАҚЫТҚА ДЕЙІН:

ӨТКІЗІЛДІ
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасымен 100 сұхбат. Шет ел көшбасшыларымен 50-ден аса сұхбат өткізілді .

ДАЙЫНДАЛДЫ
100-ге жуық видеоөнім дайындалды.

ТҮСІРІЛДІ
8000-нан аса видеомұрағаттық материалдар түсірілді. Цифрлы форматтағы видеомұрағат тәуелсіздігіміздің алғашқы күндерінен бастап жүргізіліп, толықтыруда.

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР
мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар, экономиканың алдыңғы қатарлы салаларындағы өндірістері .

АЛЫНҒАН
Әлем телеиндустриясының стандарттарына сәйкес теледидар жабдығы алынған.