Іздеу
Жабу

ҚР Президентінің Телерадиокешені экологиялық тимбилдинг өткізді

16 қазан, 2021
Бөлісу:

Бүгін, 16 қазанда, ҚР Президенті Телерадиокешенінің ұжымы сенбілік өткізді. Ағаш көшеттері, соның ішінде шетен отырғызылды.

Шетен ағашын таңдау кездейсоқ емес. Шетен – аласа әрі нәзік ағаш болғанымен, құрғақшылық пен аязға да төзімді.

ҚР Президенті Телерадиокешенінің ұжымы Елорданы көгалдандыруға, мегаполистің экологиялық аймақтарын абаттандыруға белсенді атсалысуда.

Биыл көктемде кәсіпорын қызметкерлері Шабал Бейсекова атындағы көше бойында жаңа аллея салды. 70-тен астам үйеңкі, қарағай, шегіршін, балқарағай және терек көшеттерін отырғызды.

Осы іс-шаралардың барлығы еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, Мемлекет басшысының елімізді көгалдандыру саясаты мен ҚР Президенті Телерадиокешенінің 25 жылдығы аясында өткізіліп отыр.

Бөлісу: