Іздеу
Жабу

ҚР Президенті Телерадиокешенінің қызметкерлері Конституцияның 25 жылдығына арналған мерекелік медальдарға ие болды

28 тамыз, 2020
Бөлісу:

Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығы қарсаңында «ҚР Президентінің Телерадикешені» КЕАҚ бас директоры Раушан Қажыбаева «ҚР Конституциясына 25 жыл» мерейтойлық медалін бас режиссер Өркен Әліпбаеваға және «Назарбаев орталығы» ТӨҚ-ның бас операторы Есім Даркеевке табыс етті.

Сондай-ақ, ҚР Конституциясының 25 жылдығына және ҚР Президентінің Іс Басқармасы жүйесіндегі мінсіз жұмысы үшін Қоғамның бірқатар қызметкерлері ведомстволық наградалармен марапатталды.

Олардың ішінде: Бас бухгалтер Бұлбұлхан Сатбаева – Төс белгімен, мұрағатшы Ғалия Белжанова – Алғыс грамотасымен, бас есепші-маман Земфира Рахимова – Құрмет грамотасымен марапатталды.

Бөлісу: