Іздеу
Жабу

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ТЕЛЕРАДИОКЕШЕНІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ КИБЕР ФУТБОЛ ТУРНИРІНДЕ БІРІНШІ БОЛДЫ

29 маусым, 2021
Бөлісу:

ҚР Президенті Телерадиокешенінің дыбыс режиссері Аян Омарқұлов «1xBet Qazaqstan Qyzmet Cyber Cup: заманаға сай» турниріне қатысып үздік атанды.

26 маусымда Astana IT University-де оффлайн форматта өткен киберспорт бойынша турнир Тәуелсіздіктің 30 жылдығына, қала күніне және мемлекеттік қызметші күніне арналды.

FIFA 21 пәні бойынша өткен киберфутбол турниріне мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялар мен кәсіби бірлестіктердің қызметкерлері қатысты.

Әріптесіміз Омарқұлов Аянды турнирдегі жеңісімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта барлық бастамаларыңызға табыс пен жеңіс тілейміз!

Бөлісу: