Іздеу
Жабу

Қазақстан Президенті Сауд Арабиясы Королін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады.

24 шілде, 2022
Бөлісу:

Сауд Арабиясы Корольдігі, Джидда қаласы

Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы достық пен серіктестікті нығайтуға қосқан зор үлесі үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Король Салман бен Әбделәзиз Әл Саудты еліміздің ең жоғары мемлекеттік наградасы – «Алтын Қыран» орденімен марапаттады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Джидда қаласына ресми сапары аясында Сауд Арабиясы тарапына орденді салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.

Бөлісу: