Іздеу
Жабу

Қазақстан Президенті «Қазмұнайгаз» ҰК акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Алик Айдарбаевты қабылдады

6 наурыз, 2020
рет қаралған
Бөлісу:

Мемлекет басшысына ұлттық мұнай-газ компаниясының 2019 жылғы жұмыстарының қорытындылары және алдағы кезеңге арналған даму жоспарлары жөнінде баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Қазмұнайгаз» ҰК акционерлік қоғамының қатысуымен жүзеге асырылып жатқан ірі инвестициялық жобалар, әлемнің көптеген еліне  коронавирус індетінің таралуына байланысты компанияның қабылдаған шаралары туралы мәлімет берілді. Сонымен қатар компанияда қызметкерлердің шетелдік іссапарларына шектеу қойылып, өндіріс орындары мен офистерде алдын алу шаралары қабылданған.

Мемлекет басшысы вирустың өндіріс үдерісіне және инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуына кері әсерін азайту жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды.

Ақпарат көзі: http://www.akorda.kz

Бөлісу: