Іздеу
Жабу

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қалмақ Республикасының басшысы Бату Хасиковты қабылдады

16 қараша, 2021
Бөлісу:

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Бату Хасиков Қазақстан аймақтарының Қалмақ Республикасымен өзара ықпалдастығын дамыту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, экологиялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты жандандыру мүмкіндіктері қарастырылды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бату Хасиковтың Республика басшысы лауазымында табысқа жете беруіне тілектестік білдірді.

Бөлісу: