Іздеу
Жабу

Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс күніне орай бірқатар мемлекеттің басшыларына құттықтау жеделхатын жолдады

9 мам, 2022
Бөлісу:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Отан соғысының 77 жылдығына орай Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан президенттеріне және үкіметтерінің басшыларына құттықтау жеделхатын жолдады.

Қазақстан Президенті өз құттықтауында Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне алғысын жолдап, оларға зор денсаулық, ұзақ өмір және құт-береке тіледі.

Бөлісу: