Іздеу
Жабу

Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік жөніндегі 56-шы Мюнхен конференциясының ресми ашылу рәсіміне қатысты

14 ақпан, 2020
рет қаралған
Бөлісу:

Рәсім барысында қауіпсіздік жөніндегі Мюнхен конференциясының төрағасы Вольфганг Ишингер, Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер және Франция Президенті Эмманюэль Макрон сөз сөйледі.

Мемлекет басшысы конференция асында өтетін панельдік пікірталаста өңірлік қауіпсіздік мәселесі бойынша «Географиялық орналасудың маңызы: Орталық Азия туралы әңгіме» тақырыбында сөз сөйлейді деп жоспарланған. Онда Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету перспективалары жайында өзінің ой-пікірін ортаға салады.

Ақпарат көзі: http://www.akorda.kz

Бөлісу: